Қоғам • 12 Мамыр, 2024

Петропавлда су басқан үйден ер адамның мәйіті табылды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда су басқан үйден ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлда су басқан үйден ер адамның мәйіті табылды

34 жастағы қала тұрғынының жоғалғаны туралы туыстары 13 сәуірде Подгора шағын ауданына су кірген күні мәлімдеді. Желіде олар ер адамның денесі бір айға жуық уақыттан кейін дәл сол жерден табылғанын жазады.

Полиция ақпаратты растады.

«12 мамырда сүңгуірлер ер адамның мәйітін сыртқы зақымданусыз тапты. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметі.