Аймақтар • 16 Мамыр, 2024

Ресейден келген тасқын су Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейден келген тасқын суының 80 млн текше метрі Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді. Аталған көлдерге соңғы 20 жылдан бері су бармаған екен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейден келген тасқын су Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді

Фото: Ведомство.Telegram

Су ресурстары және ирригация министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша тасқын суын көлдер жүйесіне жіберу жұмысын жергілікті «Қазсушар» филиалының мамандары жүргізіп жатыр. Қамыс-Самар көлдері киіктер мен басқа да жануарлардың көшу жолындағы табиғи суат көзі болып табылады.

Аталған облыста судың негізгі көзі – Жайық өзені. Бұл өзен арқылы келген тасқын суы ведомствоның «Қазсушар» мекемесіне тиесілі Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесінде жиналады.

«Сонымен қатар «Қазсушар» мамандары соңғы жылдары кеуіп қалған Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және басқа да су айдындарына су жібере бастады. Сондай-ақ Балқаш көліне, Каспий теңізіне су жіберу жұмысы жалғасып жатыр», деді министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Елшіл қайраткерге құрмет

Қоғам • Бүгін, 10:30

«Аллажар» – замана аманаты

Қоғам • Бүгін, 10:10

Отандық өнім, озық технология

Экономика • Бүгін, 09:55

Жанға жайлы Жанұзақ

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Шаруақор Шарбақты

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Автоөнеркәсіп өрісі

Экономика • Бүгін, 09:40