Қоғам • 16 Мамыр, 2024

Іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық іздеуде жүрген 25 жастағы қылмыскер Ресейде қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды

Фото: Polisia.kz

«Новосибирск қаласында Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауы бойынша кәмелетке толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсіп, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 25 жастағы ер адам ұсталды», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ол қамауда отыр. Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.