Оқиға • 16 Мамыр, 2024

Қарағандыда полиция көлігі жол апатына түсті (видео)

1332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 16 мамырда сағат 11:30 шамасында Қарағандыда полиция көлігі мен екі көлік соқтығысты. Жол апаты салдарынан екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда полиция көлігі жол апатына түсті (видео)

фото: kaztag.kz

«Қарағанды қаласының 7 магистраль айналма жолында «Лада Веста» қызметтік автокөлігі, «Фотон» және «Шансиман» автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Лада Веста» автокөлігінің жүргізушісі, Қарағанды қаласы ПБ патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады полициядан.

Полиция қызметкерлері болған оқиғаны тіркеді, тиісті сараптамалар тағайындалды.