фото: Астана қаласының әкімдігі
Киногерлер игі істен шетте қалмай, елорданы көгалдандыру мен тазалықты сақтау жолында өз үлестерін қосуға ниет білдірді. Олар өздерінің кинотуындылары өнер саласында айшықты із қалдырып, жастарға үлгі болғанын қалайтынын атап өтті.
«Фильмнің атауы «Адам бол» деп тұр. Идеясы да осы - жастарға үлгі көрсеткіміз келеді. Біз қалаға шағын сыйлық беруді шештік. Жұлдыздар аллеясында біздің көшеттеріміз де болуы үшін біз елордамызға көшеттер сыйлаймыз. Осылайша, астананы дамыту мен көгалдандыруға өз үлесімізді қосқымыз келді. Астана әкімдігі бұл ұсынысты қолдады», деп атап өтті кинокартина жасаушылар.
Олар елорда тұрғындарын экологиялық акцияға қосылуға және қолдауға шақырды.