Ресми бөлім • 16 Мамыр, 2024

Ақордада Малайзия Премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақордада Малайзия Премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы Қазақстан Президенті мен Малайзия Премьер-министріне рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим келіссөз залына барды.

Ақорда