Саясат • 16 Мамыр, 2024

Сенімді серіктестік

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Вьетнам өнеркәсіп және сауда министрі Нгуен Хонг Зиенмен кездесу өткізді.

Сенімді серіктестік

Фото: primeminister.kz

«Вьетнам – Қазақстанның Азиядағы маңызды серіктестерінің бірі. Қазақстан Президентінің былтыр тамыздағы Вьетнамға ресми сапарының қорытындысы бойынша біз екіжақты қарым-қатынасымыздың жоғары белсенділігін атап өтеміз: тауар айналымы 85%-ға өсіп, шамамен $1  млрд-қа жетті. Елдеріміз арасында аптасына 13 әуе рейсі орындалады. Ұшу географиясын кеңейтуге дайынбыз»,  деп атап өтті С.Жұманғарин.

Сонымен қатар вице-премьер вьетнамдық компанияларды Транскаспий халықаралық көлік бағытының мүмкіндіктерін зерттеуге шақырды. Бұл вьетнамдық экспортқа теңіз бағыттарына қарағанда Шығыстан Батысқа қарай 3-4 есе жылдам жүруге мүмкіндік береді, бұл шығындарды айтарлықтай азайтады.

«Біз ТХКБ Азия мен Еуропа арасындағы ең оңтайлы бағыт деп есептейміз. Сондай-ақ Ляньюньган теңіз портындағы Қазақстан-Қытай терминалының, Сиань құрғақ портының қуатын іске қосуды ұсынамыз», деді ол.

Кездесу барысында тараптар сирек кез­десетін металдарды өндіру және өңдеу сала­сындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Вьетнам делегациясына электромобильдерге арналған литий-ион батареяларын өндіру үшін еліміздегі ірі литий кен орындарына назар аудару ұсынылды, бұл Қазақстанның жоғары технологиялық секторының өсуіне, ал вьетнамдық автоөндірушілерге өздерінің бәсекелестік артықшылықтарын сақтауға мүмкіндік береді.