Фото: gov.kz
16 мамыр, 12:55-те Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне өрт туралы хабар түскен.
Өрт Медеу ауданы Нүсіпбеков көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйдің екінші қабатында тұтанған. Онда 4 шаршы метрді құрайтын жуыну бөлмесінен өрт шыққаны анықталды.
Қызыл жалынның түтіні тұтас үйге тарап, тұрғындардың өміріне қауіп төнген.
Өрт сөндірушілер шақырту түскен мекенжайдан өз бетінше сыртқа шыға алмаған 4 ересек пен 1 баланы құтқарды.
«Құрамында аға инженер Б.Жанұзақ, бөлім командирі И.Арупов, аға өрт сөндіруші-құтқарушы Н.Садыров, өрт сөндіруші Е.Еркінбай, Д.Жусанбаев бар газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшесі төрт адамды құтқарды, олардың бірі бала. Қимыл-қозғалысы шектелген ер адам зардап шеккен жоқ», деп хабарлады Алматы ТЖД.