Қазақстан • 17 Мамыр, 2024

Елімізде жаңа партия пайда болуы мүмкін

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қазақстанда тағы бір саяси партия пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде жаңа партия пайда болуы мүмкін

Фото: Әділет министрлігі

Б.Жақселекова Әділет министрлігі «Ынтымақ» саяси партиясын тіркеу туралы өтініштің қабылданғанын растады. Әкімшілік 4 ай ішінде ресми тіркеу үшін барлық қажетті құжаттарды ұсынуы керек.

«11 мамырда партия құрылтайшылардың бірінші съезін өткізді. Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін министрлік кезекті тексеру жүргізеді», деп мәлім етті Ботагөз Жақселекова.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті