Спорт • 19 Мамыр, 2024

«Бірі - алтын»: Милад Карими Азия чемпионатында үш медаль иеленді

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанда өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Милад Карими спорттық мансабында алғаш рет керме жаттығуы бойынша чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомство мәліметіне сілтеме жасап. 

«Бірі - алтын»: Милад Карими Азия чемпионатында үш медаль иеленді

Фото: Turizm jane sport ministrligi

Ташкент төрінде Милад Карими 15.033 ұпай көрсеткішімен алтын медаль жеңіп алды.

Бұл отандасымыздың өтіп жатқан Азия біріншілігіндегі үшінші жүлдесі, бұған дейін ол көпсайыс бойынша және еркін жаттығуда күміс жүлделерді еншілеген.