![20 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады - Қазгидромет](/media/2024/05/15/crop-2_9_660x1184_64ea0dc013a2b089097730-1.jpg)
Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады.
- Оңтүстік циклон және онымен байланысты жылжыған атмосфералық фронтальды бөліктерге байланысты ҚР аумағының басым бөлігіне найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі, қатты жел тұрады деп күтіледі. Республикамыз бойынша желдің күш алу құбылысы тән, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батыс, солтүстік өңірде тұман болады, - деп жазылған "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, шығысында, Қызылорданың орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында өрт қаупі жоғары, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Абай облысының орталығында өрт қаупі жоғары.
Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.