Оқиға • 20 Мамыр, 2024

Мектеп оқушысы құрдастарының қолынан қаза тапты

704 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға 18 мамыр күні Қызылорда облысының Ш.Қодаманов ауылында болған. Тоғызыншы сынып оқушысы құрдастарының соққысынан кейін қаза тапты, деп жазады Egemen.kz.

Мектеп оқушысы құрдастарының қолынан қаза тапты

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Марқұм болған жасөспірім 18 мамырға қараған түні 16 жастағы екі құрдасымен жанжалдасып қалған. Олар жолдастарын өлтіргенше ұрып-соққан.

Облыстық полиция басқармасы екі күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады.

«Кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Кәмелетке толмаған екі бала күдікті ретінде ұсталып, уақытша қамауға алынды», делінген Қызылорда облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Істің тергеу барысын облыстық полиция басшысы өз бақылауына алды.

Соңғы жаңалықтар

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10

Ауыл балаларының қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бар ізгілік – білімде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Сөзге салынған шынжыр кісен

Әдебиет • Бүгін, 09:35

Жүрек тулатқан жырлар

Руханият • Бүгін, 09:30