Оқиға • 20 Мамыр, 2024

Сотталғандардың түрмедегі бейнебақылау камераларын сындыруы жиілеген - ІІМ

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 20 мамыр күні Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешов қылмыстық-атқару жүйесі бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді айтып берді, деп жазады Egemen.kz.

Сотталғандардың түрмедегі бейнебақылау камераларын сындыруы жиілеген - ІІМ

Фото: baq.kz

Енді пенитенциарлық (түзету) мекемелерде бейнебақылау камераларын қасақана бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.

«Сотталғандар өздерінің заңсыз әрекеттерін жасыру мақсатында бейнебақылау камераларын қасақана істен шығарады. Соңғы уақытта мұндай фактілер көбейді», деді Шыңғыс Алекешов.

Сондықтан Қылмыстық кодекске «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін, сол сияқты оның компоненттерін қасақана жою немесе бүлдіру» деген 428-1-бап енгізіледі.

Айта кетейік, бұл жауапкершілік сотталғандарға да, ҚАЖ қызметкерлеріне де қатысты қолданылады.