Қазақстан • 21 Мамыр, 2024

Қазақстан бұрынғы уақыт белдеуіне оралуы мүмкін бе?

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметте өткен брифингте Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев кейбір өңірлердің бұрынғы уақыт белдеуіне қайта оралуы мүмкін деген мәселеге түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан бұрынғы уақыт белдеуіне оралуы мүмкін бе?

Фото: ortcom.kz

«Петиция белгіленген тәртіпте күшіне енуі үшін қажетті дауыс алуымыз керек, 50 мың дауыс петицияны іске асырудың шарты бар. Тиісті алгоритм бар – екі ай ішінде бұл мәселе мүдделі тараптардың қатысуымен қаралады, сондықтан петицияның қажетті дауыс санын алуын күтейік. Содан кейін біз бұл мәселені белгіленген тәртіпте біржақты қарастырамыз», деді Арман Шаққалиев.

Сауда және интерграция министрі  әзірге бәрі бұрынғыдай екенін айта кетті.

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті