Оқиға • 21 Мамыр, 2024

Жаңаөзенде балабақша есепшісі жеке шотына 30 млн аударған

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңаөзен қаласы прокуратурасы екі мемлекеттік балабақша есепшісінің бюджет қаражатын жымқырып келгенін анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Жаңаөзенде балабақша есепшісі жеке шотына 30 млн аударған

Фото: qamshy.kz

Есепші өзінің жеке шотына жалпы сомасы 30 млн теңгені заңсыз аударған.

«Аталған факті бойынша қала прокуратурасы қылмыстық істі тіркеді. Айыпталушыға  Жаңаөзен қалалық сотының 15.03.2024 үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағымен 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалып, осы кодекстің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты деп саналды», делінген қалалық прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, жымқырылған 30 млн теңге толығымен мемлекетке қайтарылды.