Пікір • 22 Мамыр, 2024

Ұлттық мүддені қорғайтын құжат

59 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент күні кеше қол қойған бұл заңды ұлттық қауіпсіздікті қам­та­масыз етудің ерекше маңызды қадамдарының бірі ретінде қабылдау керек. Құжаттағы өзгерістерді екі блок аясында қарастыруға болады.­ Бірі – еліміздің іргесін нығайтуға және ұлттық мүддені қорғауға ба­ғыт­­талған, екіншісі – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың тағы бір тиімді тетігі.

Ұлттық мүддені қорғайтын құжат

Атап айтқанда, террористік не экс­тремистік, кәмелетке толма­ған­дар­дың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағандарды, сондай-ақ Қазақстан қатысатын халықаралық шарттарда көзделген ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарды Қазақ­стан азаматтығына қабылдаудан бас тар­тумен қатар, тіпті елге кіргізуге де ты­йым салуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар – мемлекетіміздің мүд­де­сін қорғаудағы айрықша қадам.

Бұл іс-шаралар ел басшылығының қа­­­­зіргі таңдағы қылмыстылықтың кей түр­­леріне қатысты концептуалды­ ұста­ны­­­мымен сабақтастық тауып отыр. Со­ны­­мен бірге мұны террористік және экс­тре­мистік, сондай-ақ кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың жыныстық тиіс­пеу­ші­лі­гі­не қарсы қыл­мыс­тар­дың етек алуына заң­­гер­лер­дің назар ­аударуы ретінде де қабылдауға болады.

Ел азаматтығын алуға ниетті адам­ның мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде білуін және ел тарихына қатысты жеткілікті деңгейде білімінің болуын­ талап ету әлем тәжірибесінде бар. Көптеген үлкенді-кішілі мемлекет ұлттық құндылықтарына қатысты мұндай талаптарды бұрыннан қойып келеді. Бұл шарттардың ойдағыдай іске асырылуы қоғамдағы әралуан әлеуметтік қақтығыстардың, әртүрлі әлеуметтік топ арасындағы түсініспеушіліктердің алдын алуға және ұлттар арасында­ғы ынтымақтастық пен татулықты арттыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар бұл шара белгілі бір дәрежеде өз азаматтарымыздың да мүдделерінің ескерілгендігін көрсетеді.

 

Нұрлан НИЕТУЛЛАЕВ,

заңгер