Саясат • 22 Мамыр, 2024

Қазақстан – Германия: Парламентаралық ынтымақтастық

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Евгений Больгерт, Геннадий Шиповских және Нурия Ниязова Германияның Федералды Үкіметінің қоныс аударушылар және азшылық істері жөніндегі уәкілі, Бундестаг депутаты Натали Павликпен кездесті.

Қазақстан – Германия:  Парламентаралық ынтымақтастық

Фото: gov.kz

Сенатор Евгений Больгерт Қазақ­стан мен Германия депутат­та­ры­ның ынты­мақтастығы пар­ла­мент­ара­­лық байланыс­тарды дамытуға ықпал ететінін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан Парламенті мен Бундес­таг­тың басшылығы және депутатта­ры­ дең­гейінде бұдан былайғы сапар алмасу біздің елдеріміздің стратегиялық әріп­тес­­тігін тереңдететіні туралы айтылды.

«Біз парламентаралық ынтымақ­тас­тықпен қоса ГФР-мен тәжірибе алмасуға да мүдделіміз. Біз Германия басшылығының елімізге және Орта­лық Азияға деген ынта-ықыласын баға­лаймыз. Сонымен қатар бұрын сіз­дің партияңыз Бундестагтағы пар­ла­­­м­­­енттік фракциясы бағыт-бағдар тұр­­ғы­сында «Орталық Азия: көпір салу және мүмкіндіктер беру» құжа­тын қабылдаған болатын. Онда көр­сетіл­ген тәсілдерді іске асыру ГФР-ның Қазақ­станмен ынтымақтастығын дамы­туға зор серпін берер еді», деді сенатор Е.Боль­герт.

Сенаторлар кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды қоғам­дық-саяси және әлеуметтік-экономика­­­лық жаңғырту саясаты туралы әріптесі­не айтып берді. Қатысушылар энергетика, инвестиция, жасыл экономиканы дамыту және т.б. салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады.