Заң • 22 Мамыр, 2024

Мәжіліс адам саудасына қатысты заңды қабылдады

113 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы күрес туралы» заңды және оған қатысты құжаттарды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс адам саудасына қатысты заңды қабылдады

Фото: pixabay

Заң жобасы адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында адам саудасына қарсы іс-қимылдың ұйымдық-құқықтық негіздерін, оның ішінде адам саудасына қарсы күрес саласындағы уәкілетті органдарды, олардың құқықтары мен міндеттерін құруды көздейді. 

Жеке тарау адам саудасына ең осал санат ретінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға арналған. Заң жобасының ұсынылып отырған нормалары  білім беру ұйымдарында адам саудасына қарсы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру арқылы кәмелетке толмағандар саудасының алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты күшейтуге көмектеседі.

«Адам саудасы проблемасы көп қырлы, заң жобасында ұсынылған Ішкі істер министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің екі мемлекеттік органының құзыреті аздық етеді, осы орайда ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында депутаттар басқа мемлекеттік органдардың нақты құзыреттерін де көздеуді ұсынады. Мұндай кешенді тәсіл мен бірлескен күш-жігер осы қылмыстардың санатын едәуір азайтуға және адам саудасына қарсы тұруға мүмкіндік береді. Бүгінде адам саудасының жаңа түрлері пайда болуда. Мысалы, саудагерлер әлеуметтік желілер арқылы жарнаманы өз мақсаттары үшін кедергісіз пайдаланып әрекет етеді. Мұндай қылмыстардың алдын алу үшін басқа да нормативтік актілерге өзгерістер енгізіледі. Интернет арқылы жыныстық қызметтерді ұйымдастыруға қылмыстық жауапкершілік енгізіледі», дейді комитет мүшесі.

Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар  адам саудасына қарсы күрес саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге бағытталған тұжырымдамалық түзетулер енгізді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті