Экономика • 22 Мамыр, 2024

Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалы 14%-ға өсті

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол көлігімен тасымалдау көлемі 10,1 млн тоннаға жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға артты, деп хабарлайды Egemen.kz  ҚТЖ-ға сілтеме жасап.

Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалы 14%-ға өсті

Фото: ҚТЖ ҰҚ АҚ баспасөз қызметі

Бұл ретте экспорт 21%-ға өсіп, 4,5 млн тоннаны құрады.

«Алтынкөл-Хоргос» шекара өткелі арқылы тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға артып, 4,2 миллион тоннаға дейін жетті. Ал экспорт – 42%-ға, 1,5 млн тоннаға жетті.

«Достық» станциясы арқылы ҚХР-ға және кері қарай 5,9 млн тонна тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға жоғары. Экспорт 13 пайызға өсіп, 3 млн тоннаға жетті.

Еске сала кетейік, ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстан Қытайға дайын өнім экспортын 2,5 есеге арттыруды көздеп отырғанын айтқан еді.

Сондай-ақ Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Қытайдың Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға дайын екенін айтты.

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті