Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Алматыда мектеп түлектерінің кортежі жазаланды

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жол ережесін бұзған жас түлектердің кортежі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда мектеп түлектерінің кортежі жазаланды

Фото: news.myseldon.com

«Көктөбе» ықшам ауданында 12 машинадан құралған мектеп түлектерінің кортежі жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Аталған кортежді мамандандырылған батальон қызметкерлері тоқтатты. Жүргізушілерге қатысты жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлікке жалған нөмір тағу, маневр жасау ережелерін бұзу, төтенше жағдай туғызу деректері бойынша 84 әкімшілік хаттама толтырылды. 12 көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды», деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.