Оқиға • 27 Мамыр, 2024

Жамбыл облысында мектеп түлегі мінген көлік апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 мамыр күні Жамбыл облысы Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына бағыт алған жолда мектеп түлегі мінген көлік апатқа ұшырады. Салдарынан 1 адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жамбыл облысында мектеп түлегі мінген көлік апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты

Фото: Әлеуметтік желіден

«Тойота Камри» маркалы автокөлікті 21 жастағы қыз тізгіндеген. Ол рөлге ие бола алмай, машина жол жиегіне аударылған. Көлік апатынан жүргізуші қаза тапты. 

«Тойота Камри» көлігінің жолаушылары — 20, 17 жастағы азаматтар және 11-сыныпты бітіруші түлек ауруханаға жеткізілді. Жағдайы бірқалыпты, бақылауда. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, қажетті сараптамалар тағайындалды», делінген Жамбыл облыстық полиция басқармасының хабарламасында.