Тағайындау • 28 Мамыр, 2024

Алматы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының өкімімен Шархан Тұрсынбаев аппарат басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz  әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Фото:Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шархан Шаймерденұлы Тұрсынбаев 1987 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын және Қазақстан халықтар достығы университетін бітірген.

Кәсіби еңбек жолын 2010 жылы Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман болып бастады. Одан кейінгі жылдары Әуезов және Наурызбай аудандары әкімдері аппаратында түрлі қызметтер атқарды.

2018 жылы Алматы қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

2019 жылдан осы уақытқа дейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппарат басшысы, орынбасары болып еңбек етті.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті