Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Ол 60 келіде үндістандық Анкушита Бороға қарсы қолғап түйістірді.
Тартысты өткен бәсекеде Римма Волосенко барын салғанмен, Анкушита Боро басым болды.
Осылайша бокстан Париж олимпиадасының жолдамасы үшін Бангкокқа жол тартқан қыздар құрамысының 3 өкілі маңызды мүмкіндікті мүлт жіберді.
Бұған дейін 54 келіде Ұлжан Сәрсенбек бірінші айналымда америкалық Шэра Мэй Патрициодан аса алмаса, 66 келіде Наталья Богданова сербия боксшысы Кристина Кулуховадан жеңілді.