Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Президентке Бақтықожа Ізмұхамбетов «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.
«Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, қазір 2 жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, «Дәнекер» бастамасы қолға алынған. Оның нәтижесінде соңғы 4 жылда 6896 даудың 4563-інде тараптар істі сотқа жеткізбей келісімге келген. Ал мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған «Іскерлік және жанашырлық» жобасы қазір Атырау, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында іске асырылып жатыр», делінген есепте.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына аға буын өкілдерінің «Қоғамдық бақылау туралы» заңды жүзеге асыруға белсенді қатысуы туралы айтылды. Су тасқынымен күресу барысында ардагерлер азаматтарды сабырға шақырып, жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ Президентке мұнай-газ саласын, ауыл шаруашылығын дамыту, діни ахуал, сондай-ақ өңірлердегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша ұсыныстар айтылды.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті