Ұлттық спорт • 30 Мамыр, 2024

Теңге ілудің теңдессіз шеберлері

89 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысындағы «Қобыланды» ипподромында жас­тар арасында теңге ілуден XVIII Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарысқа еліміздің 10 облысы мен 2 қаласынан келген спортшылар қатысты.

Теңге ілудің теңдессіз шеберлері

«Былтыр жалпы саны 25 спортшы қатысқан болса, биыл тек жастардың арасында 35 спортшы бар. Осы жастар және жасөспірімдер чемпионатында жалпы саны 75-ке жуық спортшы бақ сынап жатыр», деді Теңге ілу федерациясының атқарушы директоры Айбек Түркебай.

Жарыс нәтижесінде «Бес белес», «Қос құлаш» және «Жеті құт» стильдері бойынша жеңімпаздар анықталды. Атап айтсақ, «Бес белес» стилінде бірінші орынды Ұлағат Амангелді (Шымкент), екінші орынды Қанат Бақтыбай (Түркістан облысы) иеленсе, үшінші орынды Ерасыл Қоқанбай (Қызылорда облысы) мен Азат Әмірбеков (Шымкент) бөлісті.

Ал «Қос құлаш» стилінде Ар­нұр Шалхар (Түркістан облысы) жеңімпаз болды. Екінші орынды Нұрәлі Ерсін (Алматы облысы), үшінші орын иегерлері Дарын Мыр­зағали (Алматы қаласы) мен Руслан Сейдахмет (Қызылорда облысы) атанды.

Теңге ілуден «Қос құлаш» стилі бойынша екінші орын жеңімпазы атанған Алматы облысының спортшысы Нұрәлі Ерсін барлық спортшы жақсы дайындықпен келгенін, қарсыластарының да керемет өнер көрсеткенін алға тартты.

Сондай-ақ «Жеті құт» стилінде бірінші орынға Мейіржан Жұмаш (Шымкент қаласы), екінші орынға Ернұр Серікбай (Түркістан облысы) ие болса, үшінші орын Нұр­ислам Намазбай (Жамбыл облысы) мен Ерболсын Мақашевқа (Батыс Қазақстан облысы) бұйыр­ды.

Еске салар болсақ, респуб­ликалық теңге ілу федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, садақ ату, құсбегілік, асық ату, «Joryq» ат спорты және басқа да федерациялар бар.

 

Алматы облысы