Оқиға • 31 Мамыр, 2024

Шашы ұзын қыз

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украиналық Алия Насырова әлемдегі ең шашы ұзын әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы атал­ған кітаптың сайтында хабар­ланды.

Шашы ұзын қыз

Бойы 165 см болатын қыздың шаш ұзын­ды­ғы 257,33 см. Алия алғаш рет ита­лиялық «Lo Show dei Record» бағдарламасының эфи­рін­де көпшілікке танылған еді. Сұхбат барысында ол бала кезден шашының тек ұштарын ғана кескенін айтты.

Шашы ұзын қыз қазір Словакияда тұрады. Өзі суретші, графикалық ил­люстрациямен де айналысады. Сонымен қатар модель болып жұмыс істейді. YouTube арнасында да жеке блог жүргізеді.