Қоғам • 04 Маусым, 2024

Ас мәзіріне арналған апталық

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоғанның қол­дауымен жыл сайын «Көп ғасырлық тал­ғамдардың то­ғысқан жері: Жеті өңірдегі түрік асханасы» атты ап­талық өтеді. Соның аясында еліміздің бірқатар өңі­рінде де түрік асханасы ұйым­дас­тырылды.

Ас мәзіріне арналған апталық

Фото: trt.net.tr

Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігінің ұй­ым­­дас­тыруымен түрік ас­ха­на­сының тамаша үлгілері мен Эгей ай­­мағының тағамдары таныстырыл­ды. Мерекелік іс-шара аясында Ас­танадағы шетелдік миссия өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Олар елімізге келген атақты түрік аспазы Үміт Каракуштың ас мәзірімен танысып, тіл үйіретін тәт­тілерінен ауыз тиді. Түркия елшісі Мұстафа Капуджу келушілерге көне түрік асханасының дәстүрі мен құ­рамын сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, Анадолының ерекше дәмдерін таныстыру үшін дүние жүзінде іс-шаралар ұйымдастырылып жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ Эгей аймағының ерекше зәйтүн майлары таныстырылып, қонақтарға артишок жүректері, қуырылған шөптер, асшаян қо­сылған фава, сегізаяқ, қаңылтыр, пісірілген теңіз басы, қабырғалар және алмұрт пудингі секілді түрлі мәзір ұсынылды.