Фото: www.worldenvironmentday.global
2024 жылы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған конференция «Жерді қалпына келтіру, шөлейттену және құрғақшылыққа төзімділік» тақырыбымен Сауд Арабиясында өтеді.
«Бүкіл әлемде ластанудың, климаттық хаостың және биоәртүрліліктің жойылуының улы коктейлі сау жерлерді шөлдерге және гүлденген экожүйелерді өлі аймақтарға айналдырып жатыр. Олар ормандар мен шабындықтарды жояды және экожүйелерді, ауыл шаруашылығын және қауымдастықтарды қолдау үшін жерді құрғатады», деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.
Бұл күні әлемде экожүйелерді қорғау және қалпына келтіру шаралары насихатталады. Биыл өтетін конференцияда «Уақытты кері қайтара алмағанымызбен, орманды қайта өсіріп, су көздерін және топырақты қалпына келтіре аламыз. Біз жермен тату бола алатын ұрпақпыз» идеясы сарапқа салынады.
Ерлан КИІКБАЙ,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті