16 Қаңтар, 2015

Маңғыстауда жеңімпаз кәсіпкерлер марапатталды

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
00467АҚТАУ. 15 қаңтар. Маңғыстауда үздік кәсіпкерлерге «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығы табысталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, сапалы және бәсекеге қабілетті тауар өндіруге шақыратын аталмыш байқауларға Маңғыстау облысынан 34 кәсіпкер қатысқан. Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарды Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.Әміржанов құттықтап, «Алтын сапа» лауреаттарына Президент әкімшілігінің басшысы Н.Нығматуллиннің, ал «Парыз» жүлдегерлеріне Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенованың атынан жолданған дипломдар мен Алғыс хаттарды табыстады. Аталмыш сайыстарда Маңғыстаудың «Ақбидай терминал» АҚ мен «Экотехникс» ЖШС екінші дәрежелі дипломды жеңіп алып, жерлестерінің мерейін өсірді. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек, сурет: egemen.kz. 00482