Қоғам • 06 Маусым, 2024

Су саласында бірқатар маманның жалақысы өсті

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 мамырдан бастап «Қазсушар» мекемесі қызметкерлерінің айлығы орта есеппен 25%-ға өсті. Атап айтқанда, еңбекақысы республикалық бюджеттен төленетін мамандардың айлығы ұлғайды, деп хабарлайды Egemen.kz Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су саласында бірқатар маманның жалақысы өсті

Фото: gov.kz

Еске салайық, осы жылдың 1 қаңтарынан айлықтары тариф есебінен төленетін «Қазсушар» мамандарының еңбекақылары орта есеппен 23%-ға көтерілген еді. Нәтижесінде, кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы санының 47%-ының айлығы ұлғайған. Бұл арналар арқылы суармалы су жеткізуді қамтамасыз ететін мамандар.

«Министрлік кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында су саласы мамандықтарының тартымдылығын арттыру үшін бірқатар іс-шараларды жүзеге асырып жатыр. Мәселен, «Қазсушар» қызметкерлерінің еңбекақысы республикалық бюджеттен және тариф есебінен де кезең-кезеңімен ұлғайып отыр. Бұдан бөлек, саладағы мамандар біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Биыл 450 маман арнайы курстардан өтуі тиіс», деді министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Соңғы жаңалықтар

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Кеше