Таным • 07 Маусым, 2024

Ғалам ғажаптары: «Робот» сөзі қайдан шықты?

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы күні өз бетінше ойланатын роботтар көбейіп, барлық салада басымдық алғанына куә болып отырмыз. Ал сол «робот» сөзінің түп-төркіні қайдан шыққанын білесіз бе?

Ғалам ғажаптары: «Робот» сөзі қайдан шықты?

Бұл сөз алғаш рет чех жазушысы Карел Чапектің пьесасында кездескен. Шығарманың негізгі мазмұны – фабрика жұмысының адамдарсыз-ақ өздігінен жүретіні туралы. Аталған спектакль 1920 жылы сахналанған. Айтпақшы, «Робот» сөзі чех тілінде «ауыр жұмыс» деген мағынаны білдіреді.

 

«Apple»-дің алғашқы логотипі

о

Әлдебіреу «Apple» өнімдері туралы айта қалса, бірден көз алдымызға тістелген алманың бейнесі келеді. Бірақ бұл – компанияның кейінгі логотипі...

Ғалымдардың айтуынша, қандайда бір компания логотипінің тез танылуына оның есте сақтауға оңай болуы әсер етеді екен. Яғни әрбір адам қағаз бетінде жеңіл бейнелей алуы қажет. Ал «Apple»-дің алғашқы логотипінде алма ағашына сүйкеніп отырған Исаак Ньютон бейнеленген екен. Алайда бұл сурет көпшілік үшін тым күрделі болғаны себепті, логотип тістелген алманың суретіне ауысқан.

 

Көзді ашып-жұмғанша

п

«Mitsubishi Electric» компаниясының тokufast роботы кубик текшесін құрастырудан әлемдік рекорд орнатты.

«Жылдамдығына көз ілеспейді» деп осындайда айтатын шығар. тokufast роботы кубик текшесін 0,305 секундта құрастырып, алдыңғы рекордты 0,075 секундқа басып озды. Былайша айтқанда, бір секундтың үштен бір бөлігінде құрастырып үлгерген. Осыдан-ақ оның жылдамдығын ойлай беріңіз.