Қазақстан • 07 Маусым, 2024

Қазақстан мен Әзербайжан Қорғаныс министрлері Бакуде кездесті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен ел делегациясы Баку қаласына барды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан мен Әзербайжан Қорғаныс министрлері Бакуде кездесті

Фото: Қорғаныс министрлігі

Жұмыс сапары Құрметті жерлеу аллеясына барудан басталды. Қазақстан Қорғаныс министрі Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейіті мен «Шахидтер аллеясы» мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Ресми сапар аясында генерал-полковник Руслан Жақсылықов әзербайжандық әріптесі генерал-полковник Закир Гасановпен кездесті. Қазақстандық делегация құрамында келіссөздерге Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлім Байел қатысты.

Қазақстан мен Әзербайжан Қорғаныс министрлері өзара іс-қимылдың ағымдағы және перспективалық бағыттарын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әскери ынтымақтастық саласындағы үкіметаралық келісімге қол қойды. Кездесу барысында қорғаныс ведомстволарының басшылары Қазақстанда өткізу жоспарланып отырған өңірдегі қауіп-қатерлерге ден қою кезінде өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтауға мүмкіндік беретін «Бірлестік-2024» көпұлтты оқу-жаттығуының өзектілігін атап өтті.

Тараптар жауынгерлік дайындық, әскери білім беру, әскери-техникалық ынтымақтастық және басқа да өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастықтың әлеуетін талқылады.