Экономика • 11 Маусым, 2024

Қазақстан - Корея атом энергетикасы саласында ынтымақтастық орнатуға мүдделі

110 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльдің Қазақстанға мемлекеттік сапары басталады. Маңызды сапар қарсаңында Корея Президенті Юн Сок Ёль «Egemen Qazaqs­tan» газеті­не арнайы сұхбат берді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан - Корея атом энергетикасы саласында ынтымақтастық орнатуға мүдделі

Фото: Freepik

Юн Сок Ёль Қазақстан-Корея арасындағы стратегиялық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын жеткізді. 

Сондай-ақ сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделі екенін айтып, осы сапары аясында да дос­тық қарым-қатынасты терең­детуге ықыласты екенін білдірді. 

Корея Қазақстанға инвестиция құятын елдер көшінде топ-10-ға кіреді. Осы бағыттағы жұмысты энергетика саласында да нығайту жоспарланып отыр. 

Қазақстан мен Корея Рес­пуб­ликасы көміртегі бейта­рап­тығына толығымен көшу міндетін қойды. Осы мақсат­қа жету үшін екі ел энергетика саласында қандай ынтымақ­тастықты дамыта алатынына  Корея Президенті жауап берді.

«Климаттың өзгеруіне ден қою – жаһандық міндет. Оны шешу үшін көміртегі бей­та­рап­тығына Корея 2050 жылға қарай, ал Қазақстан 2060 жылға қарай қол жеткізуге ұмтылып отыр. Еуропалық одақтың мәліме­тіне сәйкес, электр энергиясын өндіру секторындағы көміртегі шығарындылары ең жоғары және ол әлемдік көмірқышқыл газы шығарындыларының 27,5 пайызды құрайды. Демек осы сектордағы көміртегі шығарын­дыларын азайту – көміртегі бей­тараптығына қол жеткізудің кілті», деді Юн Сок Ёль.

Корея Президенті атом электр станса­лары, жаңартылатын энергия көздері саласында да Қазақстанға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

«Корея атом энергетикасы мен жаңартылатын энергия көздері­не негізделген көміртексіз энергия­ны («Carbon-Free Energy», CFE) ке­ңей­туге күш салып келеді. Ме­нің білуімше, Қазақстан да жылу энергетикасы өндірісінің жо­ғары үлесіне байланысты элек­тр энергиясын өндіру секторын­да көмірқышқыл газының шыға­рын­дыларын қысқартуға мейлінше күш-жігер жұмсап отыр.

Корея атом электр станса­лары, жаңартылатын энергия көздері саласында, сондай-ақ электр энергиясын өндіру тиім­ділігін арттыру саласында әлемдегі ең үздік бәсекеге қабілеттілікке ие. Сондықтан да Қазақстанмен осы салаларда ынтымақтастық әлеуетіміз зор», деді Корея Президенті.