Оқиға • 11 Маусым, 2024

Өскеменде мас күйінде көлік жүргізген әйел қатаң жазаланды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласының №2 сотында алкогольдік масаң күйде көлікті жүргізуші куәлігінсіз жүргізгені үшін айыпталған әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскеменде мас күйінде көлік жүргізген әйел қатаң жазаланды

Фото:ntime.kz

Бұған дейін әйел мас күйінде көлік жүргізгені үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Алайда 3 айдан кейін ол тағы да мас күйінде рөлге отырғаны белгілі болды.

«Сот сотталушының көлікті жүргізуші куәлігінен айырылған, мас күйінде басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, көлікті қайталап жүргізуін назарға алды. Бұл оның түзету жолын ұстанғысы келмейтінін көрсетеді.

Сот әйелді 6 айға бас бостандығынан айырды. Сотталушы өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылады», делінген хабарламада.

Кінәсін мойындау және асырауында екі баланың болуы ескеріліп, үкімнің орындалуы 3 жылға кейінге қалдырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті