Құрылтай • 12 Маусым, 2024

Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалды

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық құрылтай құрамы өзгерді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалды

Фото: Ақорда

Ұлттық құрылтайдың жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, «Отандастар» қорының президенті Данияр Қадыров, «Время» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Лев Тараков қосылды.

Ұлттық құрылтай құрамынан Арман Қашқынбеков, Денис Кривошеев, Абзал Сапарбекұлы шығарылды.

Айта кетейік, Ұлттық құрылтай Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2022 жылдың маусымында құрылды. Ол консультативтік-кеңесші орган. Негізгі мақсаты – қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту бойынша идеялар мен қадамдар әзірлеу.

Оның міндеттеріне жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу, жұртшылық, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор және мемлекеттік органдар өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету кіреді.