Елорда • 13 Маусым, 2024

Жол ақысын төлеуден жалтарғандар жаңа әдіспен анықталады

41 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«City Transportation Systems» ЖШС «Астана қаласының қоғамдық көлігіндегі бейнеаналитика жүйесі» инновациялық жобасын іске қосқалы отыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жол ақысын төлеуден жалтарғандар жаңа әдіспен анықталады

Фото: caravan.kz

 

Жобаның мақсаты - жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, билетсіздер санын азайту және қоғамдық көліктердегі қауіпсіздікті арттыру.

Жобаның пилоттық кезеңі аясында 2 мамырда №24 маршруттың бір автобусында нақты уақыт режимінде деректерді талдауға мүмкіндік беретін камералар, роутерлер және борттық компьютер орнатылған. Әр есікке қарама-қарсы орналасқан камералар кірген жолаушылардың санын есептеп, төлем туралы мәліметтерді салыстырады. Бұл билетсіз жолаушылар санын, маршруттың уақыты мен учаскелерін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ нақты уақыттағы ақпарат CTS көліктік бақылау департаментіне түседі.

Бейнебақылау пилоттық жобасы іске қосылған сәттен бастап бір автобуста жүйемен 2 мыңнан астам билетсіз жол жүру жағдайы анықталды. Бұл пилоттық жоба болғандықтан, жолаушыларға айыппұл салынбаған.

CTS-те жобаның толық іске қосылуы мен іске асырылу барысы туралы қосымша хабарланады.