фото: БҚО ПД
«Мой город» басылымы хабарлағандай, 6 маусым күні 19 жастағы Игорь Исраилов Бәйтерек ауданы Рубежинское ауылындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Ал 10 маусым күні жігіттің анасы полицияға арыз жазған. Ол аутизмге шалдыққан ұлы жоғалып кеткенін жеткізді.
Анасының айтуынша, бұл бірінші жағдай емес. Жігіт бұған дейін де хабарсыз кетіп, өзі жұмыс істейтін шаруа қожалықтарының бірінен табылатын еді.
Бұл жолы да дәл солай болды. Игорь жұмыс іздеп, жоғалып кеткен. Арада бір апта өткенде Исраиловты Теректі ауданының полицейлері тауып алды. Ол сол аудандағы шаруа қожалықтарының бірінде болған. Игорь шаруашылық басшысына жүгініп, жұмысқа алуын өтінген көрінеді.
Қазіргі уақытта Игорьмен бәрі жақсы, ол ата-анасының қасында.