Фото: Liter.kz
Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сот анықтағандай, сотталушы Қарабалық аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторларына қызметтік міндеттерін орындау кезінде, атап айтқанда, сотталушының күйеуін ұстау әрекетіне кедергі келтірген.
Ол бұйрыққа бағынбай, полиция қызметкерлеріне өміріне қауіп төндірмейтін дене жарақаттарын салған.
Сот процесінде айыпталушының кінәсі жәбірленушілердің айғақтары, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы, бейне жазбалармен расталды. Алайда сотталушы тағылған қылмыс бойынша кінәсін мойындамады.
Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы әйелді кінәлі деп танып, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
Сот жасалған әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сотталушының жеке басын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар мен жазаның жоқтығын ескере отырып, сотталушыға пробациялық бақылау белгілей отырып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.