Уланып ауруханаға түскен екі баланың өмірін арашалау мүмкін болмады. 3 және 6 жастағы екі бала емдеу мекемесінде көз жұмды.
СҚО полиция басқармасы астан улану дерегі бойынша 2 баланың өмірі қиылғаны және 3 адамның ауруханаға түсуі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Ал облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аталған дерек бойынша тексеріс басталып, тамақтың сынамасы зертханаға жіберілгенін мәлімдеді.