Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Арқалық қаласында 94 үй қауіпті деп танылды. Зардап шеккен азаматтарға 68 пәтер сатып алынса, тағы 418 жеке үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр.
Әр отбасыға тұрғын үйді қалпына келтірудің бірнеше нұсқалары ұсынылды:
- өз бетінше қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін ақшалай өтемақы алу;
- жаңа тұрғын үй сатып алу;
- жөндеу жұмыстарын жүргізу.
«Қалада су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтар үшін 50 пәтерлік «ақылды» үй салынып жатыр. Тұрғын үйді «BAZIS» компаниялар тобы қаржыландырып отыр. «Тұмар» символдық атауы бар жаңа тұрғын үй Face ID бейне есік қоңырауларымен жабдықталған. Үй құрылысы мамыр айының ортасында басталып кеткен. Нысан күзге қарай пайдалануға беріледі», делінген хабарламада.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті