Денсаулық • 15 Маусым, 2024

СҚО-да екі бала уланып көз жұмды: көршілері жантүршігерлік оқиға туралы айтты

97 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Солтүстікте жантүршігерлік қайғылы оқиға болды. Петропавл ауруханаларына тамақтан уланған бес адам - ​​бір отбасы мүшелері түсті. Екі бала қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да екі бала уланып көз жұмды: көршілері жантүршігерлік оқиға туралы айтты

Ата-анасының айтуынша, қайғылы оқиғадан бір күн бұрын отбасы ауылдағы дүкеннен өңделген тағам мен газдалған сусын алған. Олардың улануына осы себеп болуы мүмкін, оны арнайы комиссия тексереді.

Астана телеарнасының тілшілеріне Қызылжар ауданына қарасты Надежка ауылының тұрғындары бәрі өте тез болғанын айтқан. Олардың көпшілігі оқиғаны егжей-тегжейін білмейді, бірақ бәрі кешкі астан кейін отбасы ауырып қалғанын айтады.

- Тамақ ішкен, болды. Кейін ұйқыға жатқан. Таңертең кішкентай үш жасар Васек қайтыс болған. Оларды қаладағы ауруханаға алып кетті. Ал кешке қыздары...

Балалар уланып қалған дейді. Сатып алып жеген. Түшпара болуы керек. Жергілікті медбикені кеше түнгі сағат екіде үйге шақырған. Үшеуі құсқан. Оқиға орнына келген фельдшер бәрін қарап, алғашқы медициналық көмек көрсеткен, - дейді тұрғындар.

- Сол мекенжайға таңғы сағат 8 шамасында қоңырау түсті. Медбике барып, 2021 жылы туған баланың биологиялық өлімін анықтады. Екі жедел жәрдем көлігімен 1996 жылы туған анасы жұқпалы аурулар бөлімінің алғашқы қалалық ауруханасына жеткізілді. 2017 және 2014 жылы туған екі бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қаралып, дереу реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылды. 2017 жылы туған қыз ауыр жағдайда, тұрақсыз болып, 20:50-де өкпені жасанды желдетуге қосылды, жүргізіліп жатқан емнің толық кешеніне қарамастан, бала қайтыс болды, - дейді Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Раиса Құсайынова.

Оның айтуынша, он жастағы баланың жағдайы тұрақты ауыр. Оның анасы қазір реанимацияда.

- Қызылжар өңірінде екі бала қайтыс болып, үш туысы медициналық мекемеге жеткізілген бір отбасының улану дерегі бойынша полиция соталды тергеуді бастады. Аталған факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне "Абайсызда адамдардың жаппай улануына және абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан санитарлық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзу" бабы бойынша тіркелді, - деді СҚО ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Азат Құсайынов.

Оқиғадан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл істі тексеру үшін арнайы комиссия құрған. Екі баланың өлімінің алдын ала себебі - токсикалық тамақ инфекциясы, инфекциялық токсикалық шок және мидың ісінуі. Барлық биологиялық материалдар сараптамаға жіберілген.