Оқиға • 17 Маусым, 2024

СҚО-да астық тиеп жатқан жұмысшы қолынан айырылды

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 маусымда 49 жастағы ер адам «жұмсақ және сүйек тіндерінің, сіңірлердің жаншылуымен оң қолының толық жарақаттық ампутациясы» диагнозымен Булаев аудандық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да астық тиеп жатқан жұмысшы қолынан айырылды

Фото: massaget.kz

Астық тиеу кезінде жұмыс орнында жазатайым оқиға болды. Төтенше жағдай орын алған жерге жедел жәрдем шақырылды.

«Дәрігерлер жараны алғашқы хирургиялық өңдеуден өткізді, білезік буынының діңгегін қалыптастырды, травматикалық шокты тоқтатты. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта», деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқиға туралы еңбек инспекциясына хабарланды. Сондай-ақ аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу, салдарынан абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі бойынша тіркелді. 

Бұл соңғы аптада тіркелген екінші жұмыс орнындағы жазатайым оқиға. Полицейлер өндіріс алаңында топырақ басып қалған 22 жастағы Петропавл тұрғынының өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жәбірленуші ота кезінде көз жұмды.