Фото: Telegram/QR_Su_resurstari_ministrligi
Бұған дейін Су шаруашылығы және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Шыңғыстау Әбдиевке алғыс хат жолдаған еді. Қазіргі таңда су шаруашылығы ардагері жас әріптестеріне кәсіптің қыр-сырын үйретіп жүр.
«Шыңғыстау Кибашұлының кәсібилігі мен көп жылдық тәжірибесі Ақтөбе су қоймасының толып кетуіне жол бермеуге ықпал етті. Оған және су тасқыны кезінде объектілерде тәулік бойы жұмыс істеген барлық мамандарға төтенше жағдай кезінде мамандыққа адалдығы мен жанқиярлығы үшін алғыс білдіремін», деп атап өтті Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Еске салайық, күні кеше, 19 маусымда Ақордада су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысқан азаматтарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Осы жылдың наурыз айының соңында Шыңғыстау Әбдиев пен басқа да мамандар (электрик, инженер, механик және жол диспетчерлері) Ақтөбе су қоймасындағы екінші құлыпты іске қосып, ашып, оның толып кетуіне жол бермеді.
Ол кезде Шыңғыстау Әбдиев зейнеткер еді. Ол Ақтөбе облысындағы «Қазводхоздың» өтінішіне бірден жауап берді. Зейнеткер жарты сағаттың ішінде ақауларды жоюға көмектесті. 36 жылдық тәжірибесі бар маман кранға отырып, екінші клапанды ашты. Осылайша, Ақтөбе су қоймасынан қажетті көлемдегі суды дер кезінде босатып, оның асып кетуіне жол бермеуге мүмкіндік туды.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті