Қоғам • 20 Маусым, 2024

Жас жігітті судан аман алып шыққан полицей марапатталды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 маусым күні Астанадағы «Серуен» көпірінен секіріп кеткен жас жігітті құтқарып қалған Нұрғали Әсілхан құрметке бөленді, деп жазады Egemen.kz.

Жас жігітті судан аман алып шыққан полицей марапатталды

Фото: ТЖМ

01068 әскери бөлімінің әскери полиция қызметкері Нұрғали Әсілхан ҚР Төтенше жағдайлар министрдің бұйрығына сәйкес «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалін иеленді.

Астана қаласы ТЖД бастығы Марат Күлдіков адам құтқару кезінде танытқан қырағылығы мен жедел әрекеті үшін білікті маманға алғыс білдірді.

«15 мамыр кешкі уақытта «Серуен» көпірінің жанында жиналған адамдарды байқап, жағдайды анықтау үшін сол жерге бардым. Сол сәтте жаяу жүргіншілер көпірінен секіріп кеткен адамды байқап, ойланбастан артынан суға секірдім. 2004 жылы туған қала тұрғынын жағаға алып шыққанда, ес-түссіз еді. Жігіт алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін есін жиды», деді Нұрғали Әсілхан.