Оқиға • 21 Маусым, 2024

Алматыда мейрамхана өртенді

47 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда мейрамхана өртенді

Фото: Видеодан алынған кадр

Қалалық ТЖД мәліметінше, 21 маусым күні таңертең Бөгенбай батыр көшесі, 128-үйде орналасқан мейрамхана барында өрт шыққан. Оқиға орнына дереу 16 бірлік техника мен 48 өрт сөндіру қызметкері жөнелтілді.

Мейрамхананың жертөлесінде 30 шаршы метр аумақта инвентарь жанып кеткен. 27 адам ғимараттан өз бетінше шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында тергеушілер мен Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы ғылыми-зерттеу зертханасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті