Елорда • 22 Маусым, 2024

Астанада тұрғын үйдің 26-қабатынан алапат өрт шықты

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Ханшатыр сауда орталығының маңындағы көпқабатты тұрғын үй өртеніп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Астанада тұрғын үйдің 26-қабатынан алапат өрт шықты

Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран 37/9 мекенжайына шықты.

Құтқарушылар келіп жеткенде тұрғын үй кешенінің 26-қабатында сыртқы жабын өртеніп жатқанын анықтаған.

- ІІІ-ші дәрежедегі шақырту бойынша аттанған өрт сөндірушілер қазір оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге 16 бірлік техника және 72 адам жұмылдырылған. Ғимарат ішінде пәтерлер ғана емес, сонымен қатар әкімшілік нысандар да орналасқан. Оқиға орнында штаб құрылды. Эвакуациялау шарасы жүргізіліп жатыр. ТЖМ құтқарушылары 8 адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады, - дейді ҚР ТЖМ.

Қызыл жалын әлі сөндірілген жоқ.