Президент • 23 Маусым, 2024

Полиция жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетуі керек - Президент

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полицейлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетуі керек - Президент

- Құрметті полиция қызметкерлері!

Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Сіздер заң пен тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға елеулі еңбек сіңіріп келесіздер.

Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылып, зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздер антқа адалдықтың және жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек. Әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды.

Сіздердің әділетті мемлекет пен берекелі қоғам құруға өлшеусіз үлес қосып, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға атсалыса беретіндеріңізге сенемін.

Әрдайым абырой биігінде болыңыздар!
Баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс тілеймін! - делінген Президент құттықтауында.