Елорда • 23 Маусым, 2024

Астананың сол жағалауындағы алапат өрттің себебі анықталды

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі Астанадағы көпқабатты үйдегі өрттің алдын ала себебін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астананың сол жағалауындағы алапат өрттің себебі анықталды

Белгілі болғандай, өрт толығымен 250 шаршы метр алаңда жойылды.

Өрттің алдын ала себебі: отпен жұмыс істеу немесе оттың аз калориялы көздері. 2-ші қабаттан 27-ші қабатқа дейін тұрғын үй кешенінің сыртқы қаптамасы мен жылытқышы жануы орын алды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Сондай-ақ өрт кезінде өрт сөндірушілердің күшімен 12 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала. 2 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала бар.

Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеуде. Жоюға 20 бірлік техника мен ҚР ТЖМ 91 құтқарушысы жұмылдырылды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы көпқабатты үйдің 26-қабатынан өрт шыққаны туралы жазған болатынбыз.