Фото: baq.kz
Елордалық полиция департаменті берген түсініктемеге сай, қызметтік көліктегі тәртіп сақшысы шұғыл шақыртуға шыққан. Жолай бағдаршамның тыйым салынған түсінен өтіп, Hyundai маркалы көлікпен соғысқан. Полицияға тиесілі машина бір бүйіріне аударылып қалған.
Апат салдарынан Hyundai көлігіндегі үш жолаушы зардап шегіп, жол бойындағы бағаналар қираған.