Фото: ОКҚ
118 адамнан құралған делегация құрамында дәрігерлер, жаттықтырушылар, спортшылар және т.б. мамандар бар.
Делегация мүшелері Шенген визасымен қамтамасыз етілген.
Вице-министр құрама командалардың ұшуы оқу-жаттығу жиындары өтетін орынға және ойындарға қатысу мерзімдеріне байланысты болатынын атап өтті.
«Спортшылар Парижге әр жерлерден барады. Ойындарға бірінші болып 20 шілдеде Гравлин (Франция) қаласынан ескек есуден құрама командасы аттанады. Сонымен қатар 22 шілдеде Астанадан 4, Алматыдан 10, сондай-ақ Еуропада жиында жүрген және жарысқа қатысып жүрген 13 команда Олимпиадаға тікелей барады», деді спикер.